Танымал боксшы есірткіге тәуелді екенін мойындады

Америкалық танымал боксшы Райан Гарсия (24-1, 20 KO) есірткіге тәуелді екенін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Енді боксшы оңалту кезеңінен өтпек.

“Өте ауыр бірнеше ай болды, енді сіздерден тек кешірім сұрай аламын. Есірткіге тәуелді болдым, қазір күресіп жатырмын. Маған қиын. Айтпақшы, оңалту кезеңінен өтемін”, – деп жазды Гарсия Х желісінде.

Айта кетейік, 25 жастағы Райан Гарсия биыл мамырда отандасы Девин Хейниді жеңген болатын, бірақ допинг сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін бұл кездесу есепке алынбады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *