11 қарашада Таразда күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының кубогы басталады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері қатысады. Спорттың әр түрінен он салмақ дәрежесінде медалдар сарапқа салынады.
11 қарашада “классиктер” арасында жарыстар басталады. Ал 13 қарашада әйелдер арасындағы үздіктер анықталады. Кубокты қорытындылайтын еркін күрес шеберлері, 14 қарашада жүлделі орындар үшін күреседі.
Қазақстандық балуан Ержет Жарылқасын Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілген
56