Теннистен екі дүркін Олимпиада чемпионы Париж додасына қатыспайтын болды

Теннистен Олимпиаданың екі дүркін чемпионы ұлыбританиялық Энди Маррей Париждегі додаға қатыспайтын болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Жекелей сында Олимпиадаға қатысуды жоспарлаған Маррей жарақат алып қалды. Бірақ ол биылғы додада жұптық сында ойнай бермек.

Айта кетейік, Энди Маррей 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода Олимпиада чемпионы атанған болатын.

Ол бұған дейін Париж Олимпиадасынан кейін карьерасын аяқтайтынын хабарлаған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар