УЕФА Еуропа мен Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі “Тобыл” мен “Ақтөбенің” қарымта матчтарына төрешілер тағайындады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
18 шілдеде Қостанайда өтетін Еуропа лигасы аясындағы “Тобыл” – “Ружомберок” матчында Миккел Реддердің жетекшілігімен даниялық төрешілер бригадасы қазылық етеді. Оның көмекшілері Дениз Юрдакул мен Рене Рисум, төртінші төреші Якоб Суннберг болады.
Еске салайық, алғашқы матчта “Тобыл” “Ружомбероктан” 2:5 есебімен жеңіліп қалған еді.
19 шілдеге қараған түні Босния және Герцеговинаның Сараево қаласында Конференция лигасы аясында “Сараево” “Ақтөбені” қабылдайды. Бұл ойынның бас төрешісі болып түркиялық Зорбай Кючюк тағайындалды. Көмекші төрешілер – Ибрахим Чаглар Уярджан мен Фуркан Юрюн, ал төртінші төреші Джихан Айдын болады.
Еске салайық, Ақтөбеде өткен бірінші ойында алаң иелері жеңіліп қалған болатын – 0:1.