“Тобыл” Швейцарияда тас-талқан болды

Қостанайлық “Тобыл” УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде швейцариялық “Санкт-Галленнен” ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Матч есебін “Тобыл” ашты. 28-минутта Альберт Валчи допты өз қақпасына тоғытып алды.

Бірақ 35-минутта алаң иелері есепті теңестіріп кетті. Михайло Стеванович гол соқты. Төрт минуттан соң Чадраг Аколо “Санкт-Галленді” алға шығарды.

Ал 77-минутта Бастиан Тома швейцариялық клубтың үшінші голын салды. Кездесудің соңғы секундтарында Валчи бұрыштамадан кейін матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 4:1.

Енді командалар 1 тамызда Қостанайда қарымта матч өткізеді. “Тобылға” келесі кезеңге өту үшін төрт гол айырмашылығымен жеңу керек.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар