Трансферден ең көп табыс тапқан клубтар белгілі болды

Transfermarkt порталы соңғы 10 жылда ойыншыларды сату мен сатып алудан ең жоғарғы табыс тапқан футбол клубтарының рейтингін жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Трансферлер бойынша әлемнің ең табысты клубы – “Бенфика”. Олар трансфер нарығында 743 миллион еуро табыс тапты. Екінші орында амстердамдық “Аякс”, оның трансферлік табысы – 483 миллион еуро. Үздік үштікті австриялық “РБ Зальцбург” түйіндеді. Клуб соңғы онжылдықта ойыншыларды сату және сатып алудан 463 миллион еуро табыс тапты.

Соңғы 10 жылдағы трансфер нарығындағы ең табысты 10 клуб:

1. “Бенфика” – 743 млн еуро
2. “Аякс” – 483 млн еуро
3. “РБ Зальцбург” – 463 млн еуро
4. “Лилль” – 380 млн еуро
5. “Спортинг” – 369 млн еуро
6. “Порту” – 358 млн еуро
7. “Монако” – 288 млн еуро
8. “Брага” – 236 млн еуро
9. ПСВ – 231 млн еуро
10. “Динамо” Загреб – 231 млн еуро

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *