Трансгендер деп айыпталған боксшы финалға шықты

Гендерлік тесттен өте алмаған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Иман алтын медаль үшін қытайлық Ян Люмен жұдырықтасады. Шешуші жекпе-жек 10 тамызда сағат 01:51-де өтеді.

Хелиф жыныстық тестостерон тестінен және жыныстық сәйкестік критерийлерінен өте алмағандықтан, былтыр әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан шеттетілгеніне қарамастан, Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат етілген екі боксшының бірі саналады.

1 тамызда Олимпиаданың бокс турнирінде Карини Хелифпен жекпе-жекті бастағаннан кейін небәрі 46 секунд өткен соң кездесуді жалғастырудан бас тартқан еді. Ол “ешқашан мұндай қатты соққылар алмадым” деп мәлімдеп, рингте жылап жіберген еді. Артынша жанкүйерлер мен басылымдар алжирлік спортшыны ер адам деп айыптай бастаған еді. Олар 2023 жылы тек Халықаралық бокс қауымдастығы жасаған ДНҚ тестінің арнайы нәтижелеріне сүйенген. Бұл ұйым олимпиадалық мәртебесінен 2023 жылдың жазында айырылған, ал ХОК тестілеуді ашық емес деп таныған еді.

Трансгендер ме? Боксшы Иман Хелифтің дауына нүкте қойылды

Иман Хелиф трансгендер деп айыптаған қарсыласына жауап берді

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар