Трофейі жоқ. Харри Кейн алтыншы рет финалда жеңілді

Ағылшын шабуылшысы Харри Кейн өз карьерасында алты финалда ойнап, бәрінде де жеңіліп қалған, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Кеше Кейннің құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Испаниядан жеңіліп қалды. Бұл форвардтың алтыншы финалы болды және алтауында да оның командасы жеңіліп қалған:

2015 жылы – Лига кубогының финалы;
2019 жылы – Чемпиондар лигасының финалы;
2021 жылы – Лига кубогының финалы;
2021 жылы – Еуро финалы;
2023 жылы – Германия Суперкубогы;
2024 жылы – Еуро финалы.

30 жастағы Харри Кейн өз карьерасында ешқашан трофей жеңіп көрмеген.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *