УЕФА украиналық клубты еурокубоктан шеттетіп тастады. Себебі белгілі

Украиналық “Днепр-1” Конференция лигасынан шеттетілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

УЕФА апелляциялық органы Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі “Пушкаш Академиясына” қарсы екі матчта да украиналық клубқа техникалық жеңіліс тіркеді. Себебі “Днепр-1” 25 шілде мен 1 тамызда өтуі қажет болған матчтарға қатыса алмайды.

“Днепр-1” өткен маусымда Украина чемпионатында төртінші орын алған еді. Бірақ клуб басшылығы УПЛ мүшелерінен команданы қатысушылар тізімінен алып тастауды сұраған. Себебі, “UA-Футбол” мәліметінше, клубтың қаржылық мәселелері бар.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *