Бразилиялық ММА шолушысы Бруно Массами қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловқа өз күшін жапониялық танымал Rizin промоушенінде сынап көруге кеңес берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
“Жалғас Жұмағұлов Rizin-нің жеңіл салмақтағы дивизионын күшейте алады деп ойлаймын. Оны болашақта сол жақтан көре аламыз ба?”, – деп жазды шолушы X желісінде.
Жұмағұлов UFC-ге оралу мақсатында АҚШ-қа көшкен еді.
«Айына 7-8 миллион теңге». Жалғас Жұмағұлов шығындарын айтты
Бұған дейін Rizin промоушенінде жекпе-жек өткізген Арман Әшімовті Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов сынға алған болатын.
«Жолын кесті». Шавкаттың менеджері Арман Әшімовті сынап тастады
4