Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA №4) Уимблдондағы төртінші қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Рыбакина ширек финалда укриналық Элина Свитолинамен (WTA №21) күш сынасады. Свитолина 1/8 финалда қытайлық Синьюй Ванды (WTA №42) екі сетте жеңді – 6:2, 6:1. Ойын 56 минутқа созылды.
Айта кетейік, Свитолина Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған, сондай-ақ WTA аясындағы 19 турнирде топ жарған.
2