“Үлкен қателік”. “Барселона” Мбаппеден бас тартқан

ФИФА экс-агенті Хосеп Мария Мингелья француз шабуылшысы Килиан Мбаппе “Барселона” сапына ауысуы мүмкін кезті есіне түсірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Барселонаға” Мбаппені 140 миллион еуроға ұсынған еді, бірақ олар Дембелемен келісімшартқа отырды. Мұндай қателіктер жібергенде, оның салдарын өтеуге тура келеді. Сол кездегі мамандар Дембеле “Барселонаның” жүйесіне жақсырақ үйлеседі деп ойлады. Бұл өте үлкен қателік. Мұндай қателіктерді команда бұған дейін де жасаған,” – деп келтіреді бұрынғы агенттің сөзін Sport.es.

Усман Дембеле 2017 жылы “Боруссиядан” “Барселонаға” ауысып, 2023 жылға дейін сол жерде өнер көрсетті, содан кейін ПСЖ-ға көшкен еді.

Ал Мбаппе осы жазда еркін агент ретінде “Реал Мадридке” ауысқан болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *