“SD Family” командасының жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев футболдан ұзақ мерзімге шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Бірінші лиганың 18-турындағы “Алтай” – “SD Family” (2:2) матчының соңында болды. Қонақтар қосымша минутта екінші гол жіберіп алған еді. “SD Family” жартылай қорғаушысы Сұлтан Сағынаев Өскемен қаласының қосалқы төрешісі Асылан Мейірбаевқа дөрекі сөздер айтқан, кейін алаңнан қуылған соң, матчтың бас төрешісі Жақсылық Сейдахметовке (Талдықорған) қол жұмсаған.
Енді Сұлтан Сағынаевқа екі эпизод бойынша ұзақ мерзімді дисквалификация қаупі төніп тұр.
Сағынаев – “Астана” түлегі. Хавбек үш рет Қазақстан чемпионы және Қазақстан Суперкубогының иегері атанған.
9