Олимпиада ойындарында садақ ату жарысының финалдық кезеңі барысында кореялық спортшы Ким У Джинге стадионда ұшып жүрген ара кедергі келтірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Садақ атудан Қытай мен Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы жартылай финалдық кезең барысында ұшып жүрген ара кореялық спортшы Ким У Джиннің қолына қонып, оған кедергі келтірді.
“Мен ату сызығына жақындағанымда жақын маңда араның ұшып жүргенін көрдім. Мен оны қуып жібердім, бірақ ол қайтадан мен тұрған жаққа ұшып келді. Бір уақытта ол менің қолыма қона кетті, ал ол кезде мен садағымды нысанаға көздеп бастадым. Сол уақытта мен Олимпиада ойындарының маңызын есіме алдым, содан кейін қолымды төмен түсіре алмадым. Мен атуға бел будым”, – деді спортшы Ким У Джин The Sun басылымына берген сұқбатында.
Ким У Джин осы атқан оғы дәл ондыққа тиеді. Дереккөздің мәліметінше, Олимпиада кезінде барлық спортшыларға орнатылған арнайы жүрек соғу жиілігін есептейтін мониторда Ким У Джиннің мұндай жағдайда да сабырлы болғанын көрсетті.
아니‼️제덕쿵야
벌?은 그냥 다가와도 무섭고 그런데…
손에 앉았는데도 심박수 변화없이 평정심 유지하고 10에 쏴버리다니?
김제덕 선수??????끝까지 화이탱?? pic.twitter.com/xqUEC2RHGm— 웅댕이? (@Hero__rang_) July 29, 2024
Нәтижесінде Оңтүстік Корея садақшылары жартылай финалда қытайлық спортшыларды жеңіп, кейін Олимпиада чемпиондары атанды.
Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін жалғасады.