Уимблдон аяқталған соң, Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Турнирдің жартылай финалында сүрінген Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі төртінші орнын сақтап қалды.
Ал осы бәсекеде төртінші айналымға дейін жеткен Юлия Путинцева алты сатыға жоғарылап, 29-орынға тұрақтады. Бұл Юлияның мансабындағы ең үлкен көрсеткіш.
Жұптық сында Анна Данилина екі сатыға жоғарылап, 50-орынға көтерілді.
4