“Бешікташ” жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков қазақстандық футболшының болашағы жайында айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Оның сөзінше, 26 жастағы футболшы алдағы маусымда ыстамбұлдық клубта қала береді.
“Бақтиер маусымды “Бешікташтан” басқа клубта бастамайды. Клуб оған сенім артып отыр. Басқа ештеңе қарастырып жатқан да жоқпыз. Ресей ме? Жақсы футболшыларға қызығушылық қашан да болады. Бірақ Зайнутдинов “Бешікташ” сапында маусымға, еурокубоктарға дайындалып жатыр”, – деді Новиков “РБ Спорт” сайтына берген сұхбатында.
Зайнутдинов “Бешікташ” сапында былтырғы тамыздан бері ойнайды. Өткен маусымда 37 матчқа қатысып, бір гол соққан еді.
15
3 Responses
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!
Thank you for your sharing. I am worried that I lack creative ideas. It is your article that makes me full of hope. Thank you. But, I have a question, can you help me?